Ссылки доступа

Тәшкентте қайтадан бензин тапшылығы байқалады


Тәшкенттің жанар-жағармай құю станцияларында бензин тапшығылы байқалады. Түске қарай станция қызметкерлері жүргізушілерге бензин жоқтығын айтып, келесі күні таңғы 4-те келуге кеңес беріп жатыр.

- Барлық жерде кезек. Таңертең жанар-жағар май құю станцияларына келсеңіз, жарты сағаттың ішінде бензин таусылып қалады. Үлгергендер ғана сатып алады. Үлгермесеңіз, басқа станцияға барып кезекке тұруға тура келеді, - дейді Озодлик тілшісіне шаһар жүргізушілері.

Май құю станциялары қызметкерлерінің сөздерінше, бензин тапшылығының себебі, зауыттарда жанармайды өте аз беріп жатыр. «Өзбекмұнаймахсулот» зауыты бензин тапшылығын жартылай растап отыр.

– Ай сайын 30 мың көлік бізден бензин алып кетеді. Әрине осындай көлемде май алған соң таусылады. Бірақ Тәшкенттегі жағдай өзге аймақтарға қарағанда, әлдеқайда жақсы, – дейді «Өзбекмұнаймахсулот» өкілі.

Қазіргі уақытта АИ-80 маркалы бензиннің мемлекеттік бағасы – 2070 сум. Алайда Өзбекстан нарығында 3 мың сумға сатылады. Бақылаушылар бензиннің тапшылығын мақта теру науқанының жақындап қалғанымен түсіндіреді.

XS
SM
MD
LG