Ссылки доступа

Ереванда "Сасна црер" тобының мүшелері билікке берілді


17 шілдеден бері Ереванда полиция ғимаратын басып алып отырған "Сасна црер" тобының мүшелері қару-жарақтарын тастап, билікке берілді, 20 адам ұсталды деп хабарлайды Азаттықтың Армян қызметі.

Жексенбі күні басып алғандар билікке берілуге әзір екендіктерін мәлімдеген. Топтың лидерлерінің бірі Варужан Аветисянның айтуынша, полициямен атыстан кейін қарулы топ әлсіреген.

Аветисян Армения халқын күресті жалғастыруға шақырды. Ол "Сасна црер" миссиясы халықты ояту екенін, әрі бұл ойлары жүзеге асты деп мәлімдеді. Алайда Арменияның арнайы қызметі "Сасна црер" тобын террористік ұйым деп атады.

Қарулы топ билікке берілгеннен кейін Ереван көшелерінде бүлікшілерді қолдап, шерулер өтті.

Екі апта бұрын "Сасна црер" қарулы тобы Еревандағы бас полиция ғимаратын басып алды. Бір офицер қаза тауып, төрт полицей жараланды. Шабуылдаушылар жеті адамды бір апта бойында кепілдікке ұстады. Олар "Құрылтай парламенті" жетекшісі Жирайр Сефилянды босатуды талап етеді.


XS
SM
MD
LG