Ссылки доступа

Өзбекстанда балаларға мақта тергізбейтін болды


Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзияев кезекті селектор жиналысында биылғы жылғы мақтаны жинау науқанына мектеп және колледж оқушыларын шақырудан бас тарту керектігі туралы мәлімдеді.

Өзбек үкімет басшысының айтуынша, биылғы жылы мақта бюджеттік ұйымдар мен ұжымдардың еңбегі есебінен жиналады.

- Премьер-министр барлық облыстар мен аудандардың әкімдеріне, сондай-ақ үкіметтің аймақтарға жіберген уақытша өкілдеріне бала еңбегін пайдаланбауды мықтап тапсырды: «Бала еңбегі үшін бастарыңмен жауап бересіңдер. Мақта теретін ұжымдар мен тұрғындардың тізімін қазірден бастап әзірлеңдер. Егер мен алқапта бір баланы көретін болсам, онда сендер қатаң жазаланатын боласыңдар», - деді селектрлік жиналысқа қатысушылардың бірі «Озодликке.

Өзбекстан биыл мол өнім жануды көздеп отыр. Өзбек әкімдерінің айтуларынша, сол үшін биыл барлық жағдай жасалған.

Белсенділер болса өзбек үкіметі басшысының әкімдерге берген тапсырмасы әдеттегідей орындалмай қалады деп есептейді.

XS
SM
MD
LG