Ссылки доступа

Ресей Қазақстанға зенитті зымырандар береді


Ресей бес C-300 кешеніне арналған 170 зенитті зымыранды Қазақстанға жеткізудің  «мемлекетаралық» рәсімдерін аяқтап қалды, деп хабарлады Қазақстанның қорғаныс министрлігі. Ресейдің бес C-300 зенитті зымаран кешенін Қазақстанға берілгені туралы биыл қаңтарда хабарланған еді.

Астанада бүгін Қазақстан қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу кездесті. Шойгу Қазақстанға қысқа мерзімді сапармен келді.

Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысының хабарлауынша, тараптар болашақтағы әріптестік мәселелерін, соның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімі ұйымына мүше мемлекеттер арасында әскери жүктердің тасымалын жеңілдететін мемлекетаралық келісімін қабылдау мәселелерін талқылады.

Министрлік мәліметі бойынша, тасымалдаудың жаңа шарттарын анықтау және зымыранды шабуыл жөнінде ескерту үшін Балқаш желісін қолдану туралы келісім мақұлданды. Министр Тасмағамбетовтың мәлімдеуінше, қабылданған келісімдер «әскери-техникалық әріптестік саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады».

XS
SM
MD
LG