Ссылки доступа

Сирияда қаза тапқан ресейлік жауынгерлер саны 19-ға жетуі мүмкін


Сирияның Идлиб провинциясында ресейлік Ми-8 тікұшағы атып түсірілді. Ресейдің Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, ұшақ бортындағы бес жауынгердің бәрі қаза тапты. Мәлімет расталған жағдайда, Сирияда қайтыс болған ресейлік сарбаздар саны 19-ға жетеді.

Башар Асад жүйесіне қарсы оппозициялық исламшылдар, солардың ішінде «Әл Қайдадан» бөлініп шыққан бұрынғы "Ан-Нусра" - «Фатх аш-Шам Майданы" Идлибті толықтай бақылауда ұстап отыр. Тікұшақты жанжалдасушы тараптардың қайсысы құлатып түсіргені әзірге белгісіз.

Ресейдің Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, атып түсірілген жүк тасымалдағыш тікұшағы Алеппо қаласына гуманитарлық көмек жеткізіп, ресейлік Хмеймим (Латакия) базасына қайтқанда шабуылға тап болған. Алеппо қаласында оппозициялық күштер екі күннен бері үкімет әскерін шабуылдап жатыр. Үкімет әскеріне ресейлік авиция қолдау көрсетеді.

Сириялық адам құқығын қорғаушылар және жергілікті тұрғындар Алепподағы тұрғын аудандардың бомабалануына ресейлік тарапты бірнеше мәрте айыптаған болатын.

XS
SM
MD
LG