Ссылки доступа

Қазақстан климат жөніндегі Париж келісімін қабылдады


Қазақстан климаттың өзгеруі жөніндегі Париж келісіміне қол қойды. Оған мүше елдер "буланған газдың" атмосфераны ластау мөлшерін азайтуға күш салуы тиіс, деп хабарлады сәрсенбі күні Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 2 тамызда БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб пәтерінде екі келісімге қол қойды, делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Келісімдер барлық мемлекеттердің ауаны ластайтын газ мөлшерін төмендетуге, технологиясын зиянсыздандыруға және климаттық өзгерістерге бейімделуге міндетті екені айтылған. Жаңа халықаралық келісімдер пайдалы қазбаны өндіруге тыйым салмайды, көміртектің қостоғының (CO2) ауаға таралуын шектемейді.

Есесіне құжат 2020 жылдан бастап дамушы елдердің климатты сақтауға арналған технологиялық және өнеркәсіптік қажеттілігіне жыл сайын 100 миллиард доллар бөлініп отырады. Париж келісімі - климат бойынша алғашқы жаһандық келесім, оған мүше елдер құжат шарттарын орындауға міндетті.

XS
SM
MD
LG