Ссылки доступа

Олимпиада алауы ойындар астанасы – Рио-де-Жанейроға жетті


Олимпиада алауы 2016 жылғы ойындар астанасы – Рио-де-Жанейроға жеткізілді. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Бразилия құрамасының желкенші жеті атлеті алауды жағалауға жеткізді, оларды Рио мэрі Эдуард Паэс пен оның әйелі Кристин және балалары Бернард және Изабела күтіп алды.

Мэр алауды порт аймағында бірнеше минут ұстап жүріп, эстафетаны спорт училищесінің 15 жастағы студенті Ребека Мораэс душ Сантосқа табыстады.

2016 жылдың 3 мамырынан бері Олимпиада алауы Бразилияны аралап келеді, ол 5 тамызда Риода Олимпиаданың ашылу салтанатына жеткізіледі. алау Бразилияның 300-ден астам қаласында болады.

Рио-де-Жанейро мэрі 4 тамызды ресми демалыс деп жариялады. Дәл осы күні алау қаланың ішін аралайды, жергілікті полиция бұл шерудің көшелердегі қозғалысқа кесірі тиюі мүмкін деп есептейді.

XXXI жазғы Олимпиада ойындары Бразилияда 5-21 тамыз аралығында өтеді. Бұл - Оңтүстік Америкадағы алғашқы Олимпиада ойындары.

XS
SM
MD
LG