Ссылки доступа

Тәжікстанда бағалы заттарды елден шығармақ болған


Тәжікстанның Хатлон облысында арнайы іздестіру операциясы кезінде тарихи бағалы заттарды, атап айтқанда, 3 икон және Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың 19 ордені мен төс белгілерін елден әкетпек болған оқиғаның алдын алынған.

Хатлон облысы бойынша Аймақтық кеден басқармасының баспасөз хатшысы Олим Шарипов тарихи құнды заттар Қорған төбе қаласының тұрғынынан тәркіленгенін айтады. Оның айтуынша, бағалы заттарды ер азамат шетелге алып шықпақ болған.

Олим Шарипов сонымен бірге тәркіленген заттарды сараптамадан өткізген кезде, олардың құны өте жоғары екендігі дәлелденді дейді. Тәркіленген заттардың барлығы прокуратураға берілген және бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Мәдениет министрлігі мамандарының сараптамасы бойынша, тәркіленген икондарды 19-ғасырдың аяғында ресейлік икон жазушылары жасап шығарғаны анықталған. Әрі бұл заттар Тәжікстанның мәдени мұрасы болып табылады екен.

XS
SM
MD
LG