Ссылки доступа

Бүгін Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді


5 тамызда Рио-де-Жанейроның "Маракана" стадионында 2016 жылғы Олимпиада ойындарының ашылуы салтанаты өтеді. Си-Эн-Эн телекомпаниясы хабарлағандай, ашылу салтанатын әр елдерден үш миллионға жуық адам көреді деп болжайды.

Ресейдік Олимпиада комитетінің басшысы Александр Жуков Халықаралық олимпиада комитетінен (ХОК) Рио-де-Жанейроға 271 ресейлік спортшыны жіберуге рұқсат берген құжат алғанын айтады.

Мұның алдында Ресейлік құрамада 387 спортшы болған. Жүзден астам ресейлік спортшыны Олимпиада ойындарына қатысуға тыйым салды. Олардың бәрі Ресейдің жеңіл атлетика құрамасының спортшылары.

Бейсенбі күні Рио-де-Жанейрода полиция қалаға Олимпиада алауын кіргізбеуге әрекеттенген адамдарды қуды. Бірнеше жүздеген наразылық білдірушілер қаланың солтүстік көшесін жауып, алауды алып жүруге кедергі келтірмек болды. Полиция оларды көзден жас ағызатын газ арқылы қуды. Наразылық акциясына қатысушылар экономикалық дағдарыс кезінде елде Олимпиада ойындарын өткізуге қарсы.

Олимпиада ойындары Рио-де-Жанейрода 5-21 тамыз аралығында өтеді.

XS
SM
MD
LG