Ссылки доступа

МТС тамыз айының соңына дейін Өзбекстаннан кетеді


Ресейлік МТС компаниясы тамыз айының соңына дейін Өзбекстандағы Universal Mobile Systems (UMS) ұялы операторлар құрылтайшылығы құрамынан кетеді. Бұл жөнінде РИА Новости жаңалықтар агенттігі хабарлайды.

Онда МТС активтері мемлекеттік «Өзбектелеком» акционерлік қоғамына кіретін «Өзмобайл» компаниясына өтеді делінген.

Universal Mobile Systems 2014 жылы шілде айының аяғында Өзбекстан үкіметі мен МТС сот ісінен кейін, бейбіт келісімге келген соң, сол жылдың 1 желтоқсанынан бастап Өзбекстанда жұмыс істей бастаған. Тараптар бірлескен кәсіпорын ашып, ресейлік компания оның 50,01 пайыз акциясына иелік етті, ал ақпараттық технология және коммуникация министрлігіне 49,99 пайызы тиесілі болды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша UMS абоненттік базасын ұлғайтты. 2014 жылмен салыстырған 5,8 есеге өсіп, қолданушылары 1,095 миллионға жеткен. Оның Өзбекстан нарығындағы үлесі 5,4 пайызды құрайды.

Өзбекстан билігі 2012 жылы МТС-тің Өзбекстандағы еншілес компаниясының лицензиясын қайтарып алып, 600 миллион доллар айыппұл салды. Ал оның басшысына қарсы қылмыстық іс қозғаған. Кейін еншілес компания банкрот деп танылып, оның активтері «Өзбектелекомға» өткен.

XS
SM
MD
LG