Ссылки доступа

ІІМ борышкерлерді кеңселерінен шығаруды Ресей Ұлттық ұланына тапсыруды ұсынды


Ресейдің ішкі істер министрлігі сот орындаушыларының борышкерлерді кеңселерінен шығару және заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің қызметін тоқтату секілді міндеттерге Ұлттық ұланды тартуға рұқсат беруін сұрады.

Атқару өндірісі туралы заңға енгізілетін өзгерістер жобасы нормативтік актілердің ресми порталында жарияланды.

Ресейде Ұлттық ұлан құрылғаны туралы президент Владимир Путин 5 сәуірде хабарлады. Заң бойынша, ол терроризммен күреседі, аса маңызды мемлекеттік нысандарды күзетеді және басқа да міндеттер атқарады. ІІМ ішкі әскердің елді мекендерде және түзеу мекемелерінде жаппай тәртіпсіздікті болдырмау секілді құзыреттері де Ұланға өтеді.

Ресей Ұлттық ұланының қызметкерлері автомобильдерді тексеру, тұрғын үйлерге кіру, азаматтарға немесе жеке басына қауіп төнген жағдайда күш және қару қолдану құқығына ие.

Ұлттық ұлан басшысы болып ішкі әскердің бас қолбасшысы Виктор Злотов тағайындалды. Ол бұған дейін Путиннің қауіпсіздік қызметін басқарған. Жаңа құрылым тікелей президентке бағынады.

XS
SM
MD
LG