Ссылки доступа

Тәжікстанда сұйытылған газды сатуға бақылауды күшейтті


Тәжікстанның ІІМ учаскелік милиционерлері сұйытылған газды сатушыларға, әрбір сатып алушылар жөнінде ақпаратты және олардың мекен-жайларын қағазға жазып отыруды талап етіп жатыр.

Душанбе-Куляб тасжолы бойындағы газ сататын бекеттің сатушысы Шерали Кобилов 5 литрден 50 литрге дейін сұйытылған газ сатып алушыларды тіркеп отыруымыз керек дейді Озоди радиосына.

Тәжік билігі болса, соңғы екі жылда бес террористік актінің алдын алдық дейді. Олар бұл әрекеттің артында «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының жақтастары тұр дейді. Олар баллондағы газ арқылы милиция ғимаратын жарып жібермек болған екен.

Шерали Кобиловтың айтуынша, учаскелік милиционерлер екі немесе одан да көп баллонға газ толтыратын адамдарды да тіркеп, хабарлап отырулары керек.

Тәжікстан ІІМ баспасөз хатшысы Нусратулло Саидов бұл мәселеге қатысты ешқандай тапсырма болмағанын айтады. Бірақ учаскелік милиционерлер қылмыстың алдын алу үшін мұндай шараларды орындау артықтық етпейді дейді.

XS
SM
MD
LG