Ссылки доступа

Қазақстанда тәжіктерге жасалған шабуыл бұзақылық деп бағаланды (видео)


Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың Азаттық радиосына мәлімдеуінше, 2 тамызға қараған түні "Мақтарал ауданында болған оқиғаны ұлтаралық жанжал деуге келмейді", ал оған қатысты түпкілікті қорытынды нәтижесі жақында күндері жарияланады.

Қазақстанның Мақатарал ауданындағы жанжалдың шығуына жеті жастағы қызды тәжік жігіті зорлапты-мыс деген сыбыстың таралуы түрткі болды. Жергілікті тұрғындар тәжіктер тұратын ауылда бірнеше үйді өртеп жіберді. Оңтүстік Қазақстан облысының билігі бір топ адамның тәжіктерге шабуылдауын "бұзақылық" деп бағалады.

Ұласбек Сәдібековтың айтуынша, жеті жастағы қызды тексерген дәрігерлер оның денесінен "зорлық белгілерін" таппаған. Облыс әкімінің орынбасары қазір тергеу жалғасып жатқанын, "бірақ қыз бен жігіт бір бірімен қол алысып, дау осымен біткенін" айтты.

Құқыққорғау органдарының мәліметі бойынша, бұл ауылда 30-дан астам адам ұсталып, олардың бірқатары тергеуден соң босатылды. Мақтарал ауданының тәжіктері ел басшыларынан шабуыл жасаушыларды тезірек ұстап, тиісті жазасын беруін сұрады.

Қазақстанның оңтүстік облыстарында 50 мыңнан астам тәжік тұрады.

Почему напали на таджиков Казахстана?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:06:58 0:00

XS
SM
MD
LG