Ссылки доступа

Жизақтағы тергеу абақтысында бір бойжеткен асылып өлді


4 тамызда - ұсталғанына төртінші күні, 19 жастағы Севара Алматова Жизақ облыстық ішкі істер басқармасының тергеу абақтысында асылып қалған жерден табылды. Оның туыстары бойжеткеннің өмірмен қоштасуына абақтыдағы азаптаулар түрткі болған деп есептейді.

Жизақ прокуратурасы осы іске қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Алматованың бір туысының айтуынша, бойжеткен тергеу абақтысында жаппай зорлау әрекетінен соң асылып өлген болуы керек. Марқұмның денесінен туыстары көгерген іздер байқаған.

Бірақ Жизақтағы құқыққорғау органдарының өкілдері бұндай ауыр айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. Олардың мәліметі бойынша, Алматова 3 тамызда киім ұрлады деген күдікпен ұсталған.

- Ол тергеу абақтысының камерасында өзінің джинсы шалбарынан арқан жасап асылып өлген. Оны құтқарып қалу үшін шұғыл медициналық шаралар жасалып, содан кейін ғана қыздың өлгені жарияланды, - деді дереккөз.

Севара Алматова тұрмыс құрмаған еді. Туыстарының айтуынша, ол базарда жұмыс істеген, психикасында бұрын ешқандай ауытқушылық байқалмаған.

БҰҰ-ның Азаптауларға қарсы күрес комитетінің мәліметі бойынша, Өзбекстанда азаптау оқиғалары, әсіресе алдын ала тергеу кезінде жиі кездеседі.

XS
SM
MD
LG