Ссылки доступа

Содырлар Ауғанстанда америкалық қару-жарақты басып алғанын мәлімдеді


"Ислам мемлекеті" тобының содырлары Ауғанстанда америкалық қару-жарақты тартып алғандарын жариялады, деп хабарлады Reuters.

Содырлар гранаталардың, портативті зымыран қондырғысының, радиостанцияның және америкалық әскер қолданатын басқа да техникалардың суреттерін жариялады. Суреттердің бірінде АҚШ әскерінің бір сарбазының жеке құжаты бейнеленген.

Әлемнің бірқатар елдерінде тыйым салынған ұйым мүшелері суреттерде бейнеленген қару-жарақтар ұрыс операцияларының бірінде тартып алынғанын айтқан. Америкалық қолбасшылық бұның қашан және қайда болғанын анықтауға кірісті.

АҚШ президенті Барак Обама биыл шілдеде Ауғанстан аумағында 2017 жылға дейін 8400 америкалық жауынгер қалатынын мәлімдеген еді. Бұған дейін әскер саны бес мыңға дейін қысқартылады деп жоспарланған еді.

XS
SM
MD
LG