Ссылки доступа

Түркіменстан делегациясын әуежайда тежеген Пәкістанға наразылық жолдады


Түркіменстан парламенттік делегациясы ұшағының Исламабадтағы Беназир Бхутто атындағы әуежайда ұзақ ұстағанына наразылық білдірді.

Өткен аптада Пәкістанға ресми сапармен барған Түркіменстан парламенттік делегациясы исламабадтық әуежайда үш сағат тұрып қалған.

Түркіменстан парламентінің басшысы Акдж Нурбердиев осыған байланысты пәкістандық авиация билігіне наразылық білдірді, ал Түркіменстан елшісі болса Пәкістан парламентінің төрағасы Сардар Садикке хабарлағаннан кейін ғана ұшақ бұл ел аумағынан ұшып шыққан.

Нурбердиевтің айтуынша, арнайы ұшақтық қонуы мен ұшып шығуы үшін исламабадтық әуежайға 1500 доллар төленген. Пәкістандық авиация ұшақтың тежелуін әуежайдағы кезектің шамадан тыс көптігімен түсіндірген. Бірақ түркіменстан тарапы ұшақтық VIP мәртебесімен ұшып келгенін алға тартып отыр.

XS
SM
MD
LG