Ссылки доступа

Косовода парламент мәжілісін көзден жас ағызатын газбен бөліп жіберді


Косовода Черногориямен шекараны демаркациялау туралы келісімнің қабылданбауын қалаған оппозиция парламент залына көзден жас ағызатын газ шашып жіберді. Хабарларға қарағанда, дәл осы уақытта бірнеше адам парламент ғимаратын таспен атқылаған.

Премьер-министр Иса Мұстафаның хабарлауынша, белгісіз біреулер шекара мәселелері жөніндегі комиссия басшысының үйіне жарылғыш тастап кеткен.

Косово оппозициясы республиканың Черногориямен шекарасына қатысты парламент отырысын бұған дейін де бөліп жіберген болатын. Шекара туралы келісім Косово тұрғындарына Еуроодаққа визасыз жүйемен кіруге мүмкіндік береді. Келісімді қолдамайтындар шекара демаркацияланған жағдайда Косово сегіз мың гектар жерден айрылып қалады деп есептейді.

Сербияның бұрынғы автономиялық Косово өлкесі тәуелсіздігін 2008 жылы жариялады. Республиканы Шенген келісіміндегі үш ел: Испания, Грекия және Словакия әлі мойындаған жоқ. Косово азаматтары бұл елдерге шенгенмен емес, сол мемлекеттік жеке визасымен ғана кіре алады.

XS
SM
MD
LG