Ссылки доступа

Кремль: Путин және Мэй жақын уақытта кездесу өткізеді


Ресей президенті Владимир Путин және Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй осы қызметке кіріскелі бері алғаш рет телефонмен сөйлесті.

Кремльдің баспасөз қызметі таратқан мәлімдеме бойынша, тараптар қазіргі саяси және экономикалық салалардағы әріптестікке "көңілдері толмайтынын" білдірді. Екі мемлекет басшылары авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша арнайы қызметтер арасында байланыс орнатуға келісті. Кремль телефонмен әңгімелесу Лондонның бастамасы екенін атап өткен.

Хабарларға қарағанда, Путин және Мэй жақын уақытта жеке кездесу өткізуді жоспарлаған.

Ағылшын премьері Ұлыбританияның биыл тамыздың аяғында алғашқы британдық Солтүстік айдауылының Архангельскіге келуіне 75 жыл толуына орай ұйымдастырылатын салтанатқа қатысатынын растады, делінген Кремль хабарламасында.

XS
SM
MD
LG