Ссылки доступа

Ресей сириялық Алеппода күнделікті тыныштық уақыты енгізілгенін жариялады


Сирияның Алеппо қаласын қоршап тұрған ресейлік билік өкілдерінің мәлімдеулерінше, қаладағы әскери қимылдар тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету үшін күнде үш сағатқа тоқтатылады.

Ресей қорғаныс министрлігінің жоғарғы лауазымды өкілі Сергей Рудскийдің хабарлауынша, 11 тамыздан бастап "барлық әскери операциялар", соның ішінде әуе соққылары да таңғы сағат 10-нан түскі бірге дейін уақытша тоқтатылады.

БҰҰ-ның гуманитарлық қызметінің басшысы Стивена О'Брайеннің пікірінше, гуманитарлық жүкті қалаға жеткізіп, тұрғындарды эвакуациялау үшін кем дегенде екі сағат тыныштық қажет. АҚШ Мемлекеттік департаменітінің мәлімдемесінде: "Біз өмірлік маңызы бар жүкті жеткізуге қажетті тыныштықтың кез келген түрін қолдаймыз, бірақ оны жанжалдасушы тараптардың барлығы сақтауы керек", делінген.

Бұған дейін БҰҰ Алепподағы электр және су жүйесін қалпына келтіру үшін, әскери іс-қимылдарды тез арада тоқтатуға шақырған еді. Ұйым мәліметі бойынша, екі миллионға жуық адам көмекке зәру. Рудскийдің айтуынша, Алеппоның оңтүстік-батыс ауданына жеті мыңға жуық бүлікші күштері жиналып қалды.

XS
SM
MD
LG