Украинаны жаманатты етіп көрсетуге тырысқан Ресейдің мұндай талпынысы халықаралық санкциялардан құтылуға көмектеспейді, деп есептейді Порошенко. Ол Кремльдің әскери қимылдарды тоқтату туралы Минск келісімінің шарттарын орындайды деп үміттенгенін атап өтті.
Порошенко Ресейдің айыптауларын "күлкілі әрі арсыз" деп атады.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Донбастағы жанжалды бейбіт реттеу мәселесін "нормандиялық форматтағы" кездесуде талқылаудан бас тартып, Федералдық қауіпсіздік қызметкерлері Қырымда украиналық тергеу қызметкерлерін ұстады деп мәлімдеді.
Бұған қоса Путин ұсталған украиналықтар Қырымда теракт ұйымдастырмақ болған деп мәлімдеді.