Ссылки доступа

«Конституция атасы» Текебаев Бас заңды өзгертуге қарсы шықты


«Ата-Мекен» партиясының жетекшісі, парламент депутаты Өмірбек Текебаев республика Конституциясына өзгертулер енгізуге қарсы шықты. Бұл туралы ол Бішкекте өткізген баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Конституцияға өзгертулер енгізу арқылы президенттің айналасындағы бірқатар адамдар билікті өздеріне ыңғайластырып алуды көздейді.

Еске салайық, Конституцияға өзгертулер енгізу туралы бастамаға Жоғорку кенештегі алты фракцияның бесеуі – ҚСДП, «Республика – Ата-Жұрт», «Қырғызстан», «Онугуу - Прогресс» және «Бір бол» қосылды.

Реформаның басты мақсаты - үкімет құзыретін кеңейту және сот реформасын тездету екені хабарланды. Референдум күзге жоспарланған. Әзірге тиісті заң жобалары қоғам талқылауына шығарылды.

Бірқатар оппозициялық саясаткерлер, азаматтық белсенділер және депутаттар Конституцияға енгізілетін өзгертулерге қарсы шықты.

XS
SM
MD
LG