Ссылки доступа

Қазақстанда бірнеше шенеунік қорғанысқа бөлінген қаражатты жымқырған деген күдікке ілінді


Қазақстан Қарулы күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жұмқазиевке сыбайласқан жемқорлықты ұйымдастырды деген күдік келтірілді. Ол құрған қылмыстық топқа қорғаныс, қаржы министрліктерінің, бірқатар компаниялардың басшылары кірген, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК).

Жұмқазиев 8 тамыз күні «20 миллион теңге пара алу кезінде ұсталды», делінген комитет хабарламасында.

«Қорғаныс министрлігінің байқау комиссиясының төрағасы болған кезде, Т. Жұмқазиев кәсіпкерлердің мүдделерін қорғаған, өзінің бұл әрекетін жасыру үшін ол қорғаныс министрлігі мен қаржы министрлігіндегі органдардың қызметкерлерінің мүмкіндіктерін пайдаланған», — деп хабарлады ҰҚК.

Ресми мәлімет бойынша, тергеудегі қылмыстық іс аясында қорғаныс, қаржы министрліктерінің бес лауазымды қызметкері, жеке компаниялардың төрт жетекшісі ұсталды. Олардың аты-жөндері аталған жоқ.

XS
SM
MD
LG