Ссылки доступа

Қырғызстанда Интернет әжептәуір қымбаттауы мүмкін


Қырғызстанда Интернет тарифі 2-3 есеге қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы республиканың байланыс операторлары қауымдастығының директоры Нұрбек Абасқанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қырғызстанға Интернет Қазақстан арқылы таратылады. Жақында қазақ провайдерлері тариф қымбаттауы мүмкін екендігін ескерткен.

"Байланыс операторларының барлығы қазақстандық провайдерлердің тариф туралы ескертуін алды. Оның себебін бізге түсіндірмеді. Қазіқ қазақстандықтардың түсіндіруін күтіп отырмыз", - деді Абасқанов.

Ресми мәлімет бойынша, 2015 жылы республикадағы мобильдік компаниялар 18 миллион 870 мың сомның интернет қызметін көрсеткен, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға көп көрсеткіш.

XS
SM
MD
LG