Ссылки доступа

Тәжікстанда мектеп киіміне жаңа талаптар енгізілді (видео)


Тәжікстанда мектеп киімдерінің нарығы қатаң бақылауға алынды. Үкімет қаулысымен, шетелден әкелінетін оқушы киімі "Тәжікстандарт" агенттігі бекіткен соң ғана саудаға шығады.

"Тәжікстандарттың" халық тұтынатын тауарларға мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы Абдукаххор Мавлонзоданың мәлімдеуінше, мектеп киіміне сараптама жасаудағы мақсат - бала денсаулығына зиянды синтетикалық матаны шектеу және отандық кәсіпкерлікті қолдау. Шешімге сәйкес, мектеп киімінің матасы 60 пайыз мақтадан, 30-35 пайызы - синтетикалық материалдан тұруы керек.

Агенттік шенеуніктерінің айтуларынша, биыл отандық кәсіпкерлер жоғары сапалы мектеп өнімдерін ұсынып отыр. Тәжікстан билігі отандық нарықты жергілікті оқушы киімдерімен толтырып, импорттық өнімдерді ығыстырып шығаруға бірнеше жыл Бойы әрекеттенді.

Тәжікстан білім және ғылым министрі Нұриддин Саидовтың айтуынша, "биыл тігін кәсіпорындары мектептерден бір миллионнан астам мектеп киіміне тапсырыс алған".

Какой быть школьной одежде - импортной или отечественной?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:08 0:00
XS
SM
MD
LG