Ссылки доступа

"Боко Харам" ұрлап кеткен оқушыларды ұйым содырларына алмастырады


Нигерияда "Боко Харам" экстремистік тобы екі жыл бұрын ұрланған оқушылардың бейнетаспасын көрсетті. Ұйым мүшелері оларды содырларға алмастырғылары келеді, деп хабарлады ВВС.

"Боко Харам" содырлары 2014 жылы нигериялық Чибок қаласының 300-ге жуық оқушысын ұрлап кетті. Экстремистік топ жетекшісінің айтуынша, жас қыздар ислам дінін қабылдаған. Олардың бірқатары тұтқыннан қашып шыққан. Ұрланған оқушыларды іздестіруге АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа да елдер қатысты. Әлеуметтік желілерде және әлемдік баспасөзде #BringBackOurGirls (Біздің қыздарды қайтарыңдар) акциясы өтті. Оны АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама, бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон және басқалары қолдады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі "Боко Харам" тобын лаңкестік ұйымдар тізіміне қосты. Экстремистік ұйым мүшелері Нигерияда шариғат ережелерін енгізгілері келеді. 2015 жылы "Боко Харам" әлемнің көптеген елдерінде тыйым салынған "Ислам мемлекетіне" қызмет етуге ант қабылдады.

XS
SM
MD
LG