Хабарларға қарағанда, осылайша билік оқушылардың діни сауатын ашуды, сол арқылы қырғыз жастарын діни радикализмнен сақтауды көздеп отыр.
Жоба аясында Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия жаңадан енгізілетін пәнді оқыту әдістемесі жөнінде тренингтер ұйымдастырады. Оған жетпіс облыстағы, сондай-ақ Бішкек және Ош қалаларындағы мектептердің ұстаздары қатысады. Мұғалімдерге пәннің мазмұны мен оқу әдістемесі, бұлармен қоса шетел тәжірибесі таныстырылады.