Ссылки доступа

Қырғызстандағы 600 мектеп биыл да Интернетке қосылмайды


Қырғызстандық провайдерлер Білім және ғылым министрлігінің 600 мектепті Интернетке қосу тендеріне қатыспай қалды. Бұл туралы министр Эльвира Сариева өзінің Facebook'тегі парақшасында хабарлады.

Ол 600 мектепті Интернетке қосу үшін республикалық бюджеттен 163 миллион 600 мың сом бөлінгенін айтты. Білім және ғылым министрлігі биыл жазда соған тендер жариялаған. Бірақ оған "Қазақтелеком" АҚ ғана өтініш білдірген, бірақ компания ұсынған баға бюджетте көрсетілген қаражаттан көп болған.

"Мектептерді 1 қыркүйектен бастап Интернетке қоса алатын жеке компаниялар белгісіз себептермен бұл байқаудан тыс қалды. Олар "мемлекетпен байланыс орнатқысы келмейді" дегенді айтқан"... Тыңдаңыздаршы, инфрақұрылым мәселелерімен Білім министрлігі айналыспайды. Өздеріңіздің қысқа мерзімдік жоспарларыңызды ығыстырып қойып, елдің 1/6 бөлігі мектепте оқитынын ойлаңыздар, ертең дәл осы адамдар бүкіл Қырғызстанды алға жетелейтін болады", - деп жазды Сариева.

XS
SM
MD
LG