Ссылки доступа

Ташкентте белгілі әртіс Матякуб Матчоновты соттайды


Ташкентте 17 тамызда әйгілі өзбек әртісі Матякуб Матчоновтың үстінен қозғалған іс бойынша сот процесі басталады. 60 жастағы әртіс және тағы үш адам "қаржы-экономикалық" қылмыс жасады деп айыпталды.

Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Матякуб Матчоновты 4 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері ұстады. "Азаттық" дереккөзінің мәліметі бойынша, 60 жастағы әртіс "жалған банкроттық, сауда ережелерін бұзу және ақшаның ізін жасыру" қылмыстарын жасады деп айыпталды.

Матчановпен бірге арнайы қызмет өкілдері әртістің өзі құрған "Марса" коммерциялық фирмасының қызметкерлерін ұстады. Өзбекстан құқыққорғау органдары осы іс бойынша тағы екі адамға іздеу жариялады.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, республика бойынша "Марса" фирмасымен байланысқан тағы бірнеше компанияның қызметі тексеріліп жатыр. "Марса" компаниясы Өзбекстанға шетелден әкелінген түрлі тауарларды көтерме бағамен сатады.

Өзбек көрермендері Матякуб Матчоновтың шығармашылығымен өткен ғасырдың 80 жылдардың ортасынан бері жақсы таныс. Ол театр және кинода түрлі образдарды сомдады. 2011 жылы әртіс "Достық" орденімен марапатталды.

XS
SM
MD
LG