Ссылки доступа

WADA ақпаратшысы Юлия Степанова өмірі үшін қауіптенеді


Ресейлік спортшылардың допинг қолданғанын бірінші болып айтқан желаяқ Юлия Степанова бұзылған аккаунттан тұрғылықты жері анықталып қалған соң, өзінің және күйеуінің өмірі үшін қорқатынын мәлімдеді. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

"Алда-жалда бірдемеге ұрына қалсақ, оның кездейсоқ еместігін біліп жүріңіздер", - деді Степанова.

Степанованың тіркеу мекенінің бұзылғаны туралы өткен сенбіде Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігі (WADA) хабарлады. Тамыздың басында оның күйеуі - Ресейлік допингке қарсы агенттігінің бұрынғы қызметкері Виталий Степанов интернеттен көптеген қоқан-лоқы келетінін мәлімдеген еді.

Юлия және Виталий Степановтар немістің ARD телеарнасына Ресей спортындағы допинг туралы айтып берді. Тексеру жүргізген WADA Ресейді допингке қарсы күрес ережелерін бұзды деп айыптады. Ресейлік жеңіл атлеттер халықаралық жарыстардан, соның ішінде Риодағы Олимпиададан шеттетілді.

XS
SM
MD
LG