Ссылки доступа

Кулябтық хайуанаттар бағына алғашқы аңдар әкелінді (видео)


Первый зоопарк в Кулябе
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:48 0:00

Темір торлар толық орнатылып біткен соң, Куляб хайуанаттар бағы қыркүйектен бастап қала балалары мен қонақтары үшін қызмет керсете бастайды.

Тәжікстанның Куляб қаласында 1,5 гектар жерге салынып жатқан хайуанаттар бағына алғашқы аңдар және құстар әкеліне бастады. Олардың арасында қоян, үйрек, тауыс және басқа да хайуанаттар бар.

Қала басшысы ​Хайрулло Амонуллоның айтуынша, бұл бақты тұрғызбас бұрын, олар душанбелік хайуанаттар бағының, одан соң басқа да елдердің тәжірибесін зерттеп көрген.

Сөйтіп қала басшылығы хайуанаттардың 21 түріне тоқталған, олардың сегізі - құстар, ал қалғандары - шөпқоректі жануарлар. Өйткені бұл жануарларды бағып-қағу оңайға түседі. Хайуанаттар бағы бірнеше кезеңмен құрылатын болады. Жоспар бойынша, 2017 жылы сиректеу кездесетін және ірі аңдар әкелінеді.

Куляб кәсіпкерлері хайуанаттар бағының жаңа аңдармен толығуына үлестерін қосуға дайын отыр. Қала балаларын қуанту үшін мұнда ірі жыртқыштар, атап айтқанда аюлар да әкелінетін болады.

XS
SM
MD
LG