Ссылки доступа

Ресей алғаш рет Ирандағы әуе базасы арқылы Сирияға соққы жасады


Ресей әскері алғаш рет Ирандағы ресейлік әскери ұшақтарды Сирияны әуеден соққылау үшін пайдаланды.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әуе соққысына алысқа ұшатын Ту-22М3 бомбалаушы ұшағы және Су-34 бомбалаушы-жойғыш ұшағы пайдаланылды. Әскери ұшақтар Иранның Хамадан әуе базасынан ұшып шықты.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, Сирияның солтүстігіндегі үш провинцияда "Ислам мемлекеті" нысандары - жаттығу лагерлері және қоймалары жойылды.

XS
SM
MD
LG