Ссылки доступа

Мәскеуде Өзбекстан азаматы жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасады (видео)


Мәскеу полициясы пышақ жұмсап төбелескен Өзбекстан азаматын ұстады. Күдікті тіс ауруын басатын дәрі беруін талап етіп, "жедел жәрдем" жүргізушісіне шабуыл жасаған.

Хабарларға қарағанда, оқиға түнгі сағат 4-те Мәскеу қаласының Батыс округы аумағында болған.

"Полиция қызметкерлері санаулы минуттың ішінде Орта Азияның 30 жастағы азаматын ұстады", - делінген полицияның баспасөз хабарламасында. Күдікті Өзбекстанның Әндіжан қаласында туған. Ресейге екі жыл бұрын барған өзбек мигранты Мәскеуде пәтер жөндеумен айналысады. Бұған дейін сотталмаған. Үйленген, қазір әйелінің аяғы ауыр.

Тергеу нұсқасына қарағанда, күдікті жедел жәрдем көлігіне жүгіріп барып, ине салуын талап еткен, кейін жүргізушінің көкірек тұсына пышақ сұққан. Зардап шегуші қалалық клиникалық аурухалардың біріндегі хирургия бөліміне түсті.

Ұсталған өзбекстандық жүргізушімен сөзге келіп қалғанын айтты, бірақ нақты не үшін жанжалдасқанын жасырып қалды. Күдікті жүргізушінің дәрі беруден бас тартқанына ашуланғанын да айтты. Жүргізушіге шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзбекстан азаматы 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG