Ссылки доступа

ҰТК: Кавказдағы астыртын ұйым жетекшілері Петербургте өлтірілді


Сәрсенбі күні Петербугте жүргізілген арнайы операция барысында өлтірілген төрт адамның үшеуі - Кабардин-Балқар астыртын қарулы тобына жетекшілік еткен, деп хабарлады ресейлік құқыққорғау органдары. Өлтірілген төртінші адамның кім екені анықталып жатыр.

Ұлттық терроримзге қарсы комитетінің мәліметі бойынша, федералдық іздеудегі бұл адамдар арнайы жасақтың жабық пәтерге шабуылы кезінде өлтірілді.

Операция Петербургтың оңтүстігіндегі көп қабатты тұрғын үйде сәрсенбі күні таңертең өткізілген. Хабарларға қарағанда, бейбіт тұрғындар және полиция қызметкерлері зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін жергілікті баспасөз Петербургтегі арнайы операция Кабардин-Балқар арнайы қызметінің сұрауы бойынша жүргізілгенін жазған еді. Федералдық қауіпсіздік қызметіндегілер бұл ақпаратты растаудан бас тартты.

XS
SM
MD
LG