Ссылки доступа

Amnesty International: Сирия түрмелерінде күн сайын 10 адам өледі


Адам құқығын қорғаушылар сириялық түрмелердегі азаптауларды доғару үшін халықаралық қауымдастықты Дамаскке қысым көрсетуге шақырды.

Сирия үкіметінің бақылауындағы түрмелердегі азаптаулар адамзатқа қарсы қылмыс деңгейіне жетті, делінген Amnesty International баяндамасында. Адам құқығын қорғаушылардың есебі бойынша, Сирияда 2011 жылы наурызда азамат соғысы басталғалы бері, түрмелерде 18 мыңға жуық тұтқын қайтып болды, немесе күніне орта есеппен 10 адам өліп отырады.

Жаңа баяндама тұтұында болған 65 адамның куәлік етуімен дайындалған. Олар мыңдаған тұтқынның басынан өткерген адам түршігерлік жағдайларды баяндап берді. Тұтқындар түрмеге түскен күні мекеме қызметкерлерінің аяусыз соққысына ұшырайды, ал әйелдерге зорлық көрсетіледі, делінген баяндамада.

Сирия билігі өзінің қарсыластарының сағын сындыру үшін ондаған жылдар бойы азаптауға жүгініп келеді. Бүгінгі таңда үкіметпен келіспейтін кез келген бейбіт тұрғынды азаптау күнделікті қалыпты жағдайға айналып отыр, деп атап өтті баяндама авторлары.

Адам құқығын қорғаушылар азаптауларды, зорлық-зомбылықтарды доғару үшін халықаралық қауымдастықты (әсіресе АҚШ пен Ресейді) Дамаскке қысым көрсетуге шақырды. Amnesty International ар-ожданы тұтқындарының барлығын босатуын, сириялық мемлекеттік түрмелерге тәуелсіз бақылаушыларды ешқандай кедергісіз жіберуін талап етті.

XS
SM
MD
LG