Ссылки доступа

Ақтөбеде қалалық автобус жүргізушілері наразылыққа шықты


Ақтөбе қаласында сәрсенбі күні жергілікті автопарктың оннан астам жүргізушісі мен кондукторы күнделікті түсім жоспарының көтерілуіне наразылық білдірді. Облыстық әкімшіліктің Азаттыққа хабарлауынша, "Автопарк" мекемесінің алдында түн жарымына дейін созылған акцияға 20 шақты адам қатысқан.

Дегенмен бір автобус кондукторының бірінің айтуынша, түнге жақын жиналғандар саны бірнеше жүзге көбейген. "Автопарк" - қалада жолаушылар тасумен айналысатын негізгі кәсіпорын.

Бұған дейін жүргізушілер күн сайын 3 мың төлеп келсе, жаңа жоспар оларды автопаркке 5 мыңнан өткізіп тұруға міндеттейді. Жүргізушілер бұрынғы күндізгі жоспарға қайта көшірілмесе, 18 тамыздан бастап жолаушылар тасуды доғаратындарын ескертті.

Жергілікті билік өкілдері, полиция қызметкерлері және автопарк басшылығы түнге дейін акция өткен орында жүрді.

Облыстық әкімшіліктің бүгін таратқан хабарламасы бойынша, тараптар ортақ шешімге келмейінше, автобус жүргізушілері бұрынғы жоспарға қайта көшіріледі. Бүгін, бейсенбі, 18 тамыз күні Ақтөбедегі қалалық автобустар кесте бойынша жолаушы тасымалдап жүр.

XS
SM
MD
LG