Ссылки доступа

Қырғыз экс-премьері Конституцияны өзгерту жобасы бойынша кеңес құруды ұсынды


Бұрынғы премьер-министр Темір Сариев ел Конституциясына енгізілетін өзгертулерді зерттеп, қорытынды шығаратын арнайы орган құруды ұсынды. Бұл туралы парламенттік фракция жетекшілеріне жолданған үндеуде айтылды.

Сариевтің пікірінше, заң жобасын қоғамдық талқылауға бөлінген 30 күндік мерзім жеткіліксіз болады. Бір айдың ішінде жобаны талқылап, оған ұсыныстар енгізіп, сараптама жасау, сондай-ақ шешім қабылдау қиынға түседі.

"Бұл жалпыхалықтық талқылау деп аталатын болса, онда халықтың ұсынысын кім жинайды, оларды қай мекеме бағалайды? Сөз жоқ, бұл жұмыстармен билік партиялары айналысатын болса, онда оның легитимдігіне күмән туады", - деді Сариев.

Оның пікірінше, конституциялық мәжіліс секілді құрылым құрған жөн, оған билік, оппозиция өкілдері және тәуелсіз сарапшылар кіруі тиіс. Саясаткердің пікірінше, сонда ғана жалпыхалықтық талқылау өткізілді дей аламыз, ал енгізілетін өзгерістер сапасы жоғары болады.

Еске салсақ, Конституцияға өзгертулер енгізу бастамасына Жогорку Кенештегі фракция құрамындағы алты партияның бесеуі қол қойды. Реформаның мақсаты - үкімет құзыретін кеңейту және сот реформаларын тездету. Референдум күзде өтеді деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG