Ссылки доступа

БҰҰ Сириядағы гуманитарлық миссиясын тоқтатты


Біріккен Ұлттыр Ұйымы Сириядағы гуманитарлық миссиясының жұмысын тоқтатты. Оған аймақтағы әскери қимылдардың күшеюі себеп болды. Бұл туралы БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура мәлімдеді.

Оның айтуынша, тамыз айында бірде бір гуманитарлық көмек елде қоршауға алынған аймақтарға, соның ішінде Алеппо қаласына жетпеген.

Мистура гуманитарлық көмек жеткізу үшін 48 сағаттық гуманитарлық үзіліс жариялануын тағы да сұрады. Оның пікірінше, АҚШ пен Ресей бейбіт келісім орнауына бар күштерін салулары тиіс. Бұған дейін Ресей билігі Алеппода оқ атуды күніне үш сағатқа доғаруға дайын екенін мәлімдеген болатын. БҰҰ болса гуманитарлық жүкті жеткізуге үш сағат аздық етеді деп мәлімдеді. Алдағы аптада Сирияға гуманитарлық көмек жеткізу жөніндегі топтың кездесуі өтеді.

БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер жөніндегі басқармасының мәліметі бойынша, жыл басынан бері Сирияға жүзден астам гуманитарлық жүк жөнелтілген. Қазір 600 мыңға жуық адам елдің қоршауда қалған аймақтарында қалды. Оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жетпей жатыр.

XS
SM
MD
LG