Ссылки доступа

"Твиттер" 300 мыңнан астам аккаунтты экстремизм үшін жауып тастады


"Твиттер" әлеуметтік желісі бір жылдың ішінде шамамен 360 мың аккаунтты терроризм және экстремизмді насихаттағаны үшін жауап тастады. Олардың 200 мыңнан астамы соңғы жарты жылда тіркелді, делінген компанияның бейсенбі күні жарияланған баяндамасында.

Компания мәліметіне сәйкес, 2015 жылдың ортасына таман күнделікті бұғаттаулар саны 80 пайызға өсті. Шулы теракт шабуылдары кезінде көптеген аккаунт бұғатталды. Әлеуметтік желі басшылығы бұған дейін бұғатталған қолданушылар "Твиттерге" екінші мәрте тіркеле алмайтынын ескертті.

Бұған дейін "Твиттерді" интернеттегі экстремизммен күреспейді деп сынаған еді. Белгілі экстремистік топтардың көбісі "Твиттерде" тіркелген.

XS
SM
MD
LG