Ссылки доступа

Тәжік журналисі Аминджон Гулмуродзода босап шықты


Тәжікстанның журналистік зерттеулер орталығының қызметкері Аминджон Гулмуродзода 18 тамызда бостандыққа шықты. Бір жыл бұрын тәжік соты оны жалған құжаттары үшін айыпты деп таныған.

Гулмуродзода туу туралы куәлікті заңсыз жолмен жасатып, соның негізінде төлқұжат алған деген айыппен екі жылға сотталды. Кейін жаза мерзімі бір жылға қысқартылды.

Журнались тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып, құжаттарды заң негізінде алғанын айтты.

Аминджон Гулмуродзода бұған дейін «Факты и комментарии», «Маърифати Омузгор» және Азаттық радиосында жұмыс істеді. Соңғы жылдары ол Журналистік зеррттеулер орталығының қызметкері міндетін атқарып келді.

XS
SM
MD
LG