Ссылки доступа

Өзбек әйелі жаңа туған сәбиін саудалағаны үшін сотталды


Өзбекстанның Сырдария облысында жаңа туған нәрестені әуелі 1000, болмаған соң 800 долларға сатпақ болған ана мен акушердің қылмысы әшкереленді. Сот олардың әрқайсысын 4 жылға соттады.

Жергілікті баспасөз мәліметі бойынша, Бахт қаласындағы перзетхана акушеріне аяғы ауыр әйел әлі тумаған баланы сатып беруге өтініш жасаған. Дәрігер нәрестені қарақалпақстандық бір әйелге 1000 долларға сатуға келіседі, бірақ ол кейін райынан қайтып қалып, баланы сатып алудан бас тартады.

Құқыққорғау органының қызметкері адам саудасы қылмысын әшкерелеу мақсатында акушерге ақша ұсынады. Дәрігер мен ана жаңа туған нәрестені 800 долларға сату кезінде ұсталды.

Қылмыстық істі қараған Сырдария аудандық соты бала саудалаған екеудің әрқайсысын төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

XS
SM
MD
LG