Ссылки доступа

АҚШ пен Оңтүстік Корея кезекті әскери жаттығуларын бастады


Құрама Штаттар мен Оңтүстік Корея 22 тамызда жыл сайынғы әскери жаттығуларын бастады. Бұл жылы Ulchi Freedom Guardian (UFG) жаттығуына 25 мың америкалық пен 50 мың оңтүстіккорялық әскери қызметкер қатысып жатыр. Жаттығу 2 қыркүйекке дейін жалғасады.

Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе «Солтүстік режим сызат түсіріп жатыр әрі бұл тәртіпсіздікке әкелуі мүмкін» деп мәлімдеді. «Олар оңтүстіккорея қоғамына әртүрлі арандатушылық әрекеттер жасауы мүмкін, оның ішінде кибершабуылдар да бар», — деп президент сөзіне сілтеме жасайды оңтүстіккореялық Yonhap ақпарат агенттігі.

Солтүстік Корея әскерилері болса, Сеул мен Вашингтоннан қандай да бір агрессияның нышанын байқайтын болсақ, ядролық қарумен соққа береміз деп сес көрсетті. Пхеньян дәл осылай жиі сес көрсетеді.

Осының алдында Сеул Солтүстік Кореяның Лондондағы елшілігінің екінші адамы Пхеньянның билігіне наразы болып, Оңтүстік Кореяға қашып кеткенін мәлімдеген. Ал Солтүстік Кореяның ақпарат құралдары дипломатты «қашқын әрі қылмыскер» деп атады.

Солтүстік Корея қаңтар айында төртінші рет ядролық сынақ өткізді. Ақпан айында алыс қашықтықта әрекет ететін зымыран ұшырды. Бұл қимылдары үшін БҰҰ қатаң сынға алып, санкция салды. Бірақ Пхеньян жауап ретінде жаңа баллистикалық зымыран ұшырды.

XS
SM
MD
LG