Ссылки доступа

Қырғызстан өзбек милициясын Унгар тауынан әкетуін талап етті


Қырғызстан және Өзбекстан шекарашылары қырғыз-өзбек шекарасындағы мәртебесі анықталмаған Унгар тауына өзбек милициясының орналасуынан соң туындаған келіспеушіліктерді талқылады.

Қырғыз шекара қызметінің хабарлауынша, кездесу Аксый ауданындағы Мамай елді-мекенінде өтті. Қырғыз тарапын келіссөздерге Ала-Букин бағыты бойынша шекара өкілі подполковник Бақытбек Жанғазиев бастап барды. Қырғызстан келісілмеген учаскіде Өзбекстан ІІМ қызметкерлерін орналастыру мақсатын түсіндіруін және оларды тез арада алып кетуін талап етті.

Өзбек тарапы болса Қырғызстан аумағында бұған дейін қолға түскен Өзбекстан ІІМ қызметкері қайтарылсын деген талап қойған. Бұған қоса өзбек шекарашылары Ала-Букин ауданындағы Орто-Токой су қоймасы маңындағы қырғыз милиция бекеттерін алып тастауын талап еткен.

Кездесу барысында тараптар қойылған талаптарды тиісті органдар мен құрылымдарға жеткізуге келісті. Қырғыз-өзбек шекарасындағы жағдай бірқалыпты.

Бұған дейін қырғыз шекара қызметі 22 тамызда мәртебесі анықталмаған аумаққа Өзбекстан ІІМ-нің Ми-8 тікұшағымен шамамен 7 қызметкері орналасқанын хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG