Ссылки доступа

Ютубтегі видео тәжік дипломатын кәмелет жасқа толмаған қызды зорлауға әрекеттенді деп айыптады


Түркіменстан билігі, Ютубте таралған видеодан соң, тәжік дипломатын кәмелет жасқа толмаған қызды зорлауға әрекеттенгені үшін айыптауы мүмкін. Дегенмен қыздың төртінші курс студенті екені айтылады.

20 тамызда Ютубте пайда болған видеода тәжік дипломаттарының телефонмен әңгімесінің аудиожазбасы дәлел ретінде келтірілген. Ашхабад пен Душанбедегі дипломаттар тәжік елшілігіндегі үшінші хатшының "қызбен пәтерде ұсталғаны" туралы әңгімелескен. Видео түркіменнің "Ватан" мемлекеттік арнасының бағдарламасына дайындалған сияқты, бірақ ол эфирге шықпай қалған, ал видеодағы жүргізуші даусы өзгертіліп берілген.

Тәжік дипломаттары деп таныстырылған кісілердің әңгімесіне қарағанда, оқиға маусым айында болған, одан соң Душанбе Тәжікстанның Түркіменстандағы елшісі Махмуджан Собировты елден кетуін талап еткен. Дәл осы уақытта Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның жарлығымен, Собиров зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты елшілік қызметтен босаған еді. Тәжікстан әлі күнге дейін Түркіменстанға жаңа елші жолдаған жоқ.

Жарияланған видеода 2015 жылы болған тағы бір оқиға туралы баяндалады. Ол бойынша, тәжік дипломаты есірткімен ұсталған, бірақ сол жолы заңсыз әрекетті жылы жауып қойған, дегенмен тәжік тарапынан сыбыс тарап, ол шетелдегі оппозициялық сайттарға дейін жеткен.

XS
SM
MD
LG