Ссылки доступа

Әзірбайжанда 141 кг героинмен Тәжікстан азаматы ұсталды


Тәжікстанның құқыққорғау органдары Әзірбайжанда 141 кг героинмен ұсталған тәжік азаматы туралы түсініктеме берді.

Тәжік тарабының мәліметінше, есірткімен ұсталған азамат 31 жастағы Исмоилов Мухаммадджон, Калъаи Хисор Гиссар ауданының тумасы. Үш ай бұрын Исмоилов Иранға кеткен. Ол онда халықаралық автомобиль компаниясына жұмысқа орналасқан. Бірақ бір мезгілде «есірткі тасымалымен» айналысқан.

Өткен аптада Әзірбайжанның Мемлекеттік кеден комитеті Тәжікстан азаматы кеден шекара бекетінде ірі көлемде героинмен ұсталды деп мәлімдеген еді.

Хабарламада 13 тамызда әзірбайжан-иран шекарасында рентген аппаратымен тексеру кезінде көлікте құпия жасырылған141 кг героин табылды делінген.

Ұсталған тәжік азаматы тергеу кезінде Әзірбайжан арқылы Грузияға бармақ болғанын айтқан.


XS
SM
MD
LG