Ссылки доступа

Астанада Матаевтарға қатысты сот ісі басталды


Астанада Қазақстан журналистер одағы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсетке қатысты сот отырысы басталды.

Сот залынан хабарлаған Азаттық тілшісі айыпталушылардың № 2 Есіл аудандық сотына конвойсыз келгенін әрі қолдарында кісен болмағанын айтады. Сейітқазы Матаев сот отырысына өзін қолдап келген азаматтарға алғысын білдірген.

Судья Ақболат Құрмантаев «сот процесіне кедергі келтірмеу үшін» журналистер көрші бөлмедегі монитордан отырысты бақылайтын болады деп жариялаған. Осыдан кейін прокурор Ержан Құрманбаев Матаевтарға қарсы айыптауларын оқыды.

Сейітқазы Матаев 2016 жылдың 22 ақпанында мемлекет ақшасын ұрлады, салық төлеуден қашты деген күдікпен ұсталды. 24 ақпанда үйқамаққа алынды. 28 наурызда оның ұлы — КазТАГ агенттігінің бас директоры Әсет Матаев та үйқамаққа ауыстырылды. Әкелі-балалы Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарып, «келген зиян» туралы айыптау толыққанды аудиторлық тексеру жүргізілместен тағылғанын айтады. Ал бұл уақытта Алматыда кезінде Сейітқазы Матаев басшылық еткен, бүгінде оның ұлы Асқар жетекшілік ететін Ұлттық баспасөз клубының ғимараты сүріліп жатыр.

XS
SM
MD
LG