Ссылки доступа

Ресейдің Ростов облысында кеншілер аштық жариялады


Ресейдің Ростов облысының "Кингкоул" компаниясының кеншілері өткен жылдың мамыр айынан бері алмай жүрген айлықтарын талап етіп, аштық жариялады.

Қарыз 300 миллион рубльден асады деп хабарлайды РИА Новости агенттігіне Ресей көміршілерінің кәсіподағы комитетінің жергілікті өкілі. 60-тан астам кенші аштық жариялаған. Бірақ жүзден астам адам айлық алмаған.

Банкротқа ұшыраған "Кингкоул" компаниясына төрт шахта кіреді. Олардың жұмыстары тоқтап тұр. Компанияның бас директоры Владимир Пожидаев 12 тамыздан бері үйқамақта отыр.

Банкрот туралы заңға сәйкес, төлемдер компания мүлкі сатылған соң жүзеге асуы тиіс.

XS
SM
MD
LG