Ссылки доступа

Тәжікстанның Хатлон өңірі Өзбекстанның коммуникациялық құрсауынан шықты


Душанбе-Қорған төбе -Куляб темір жолы 24 тамызда іске қосылды. Тәжікстан президенті мен азаматтық қоғам өкілдері, зиялы қауым, жас белсенділер Душанбенің темір жол вокзалынан Куляб қаласына қарай жолға шықты.

Тәжікстан президенті темір жолдың ашылуын тарихи күн деп атап, Тәжікстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы меретойында әлеуметтік-экономикалық жобалардың ең маңыздысы орындалды деп мәлімдеді.

Осыған дейін Душанбе-Қорған төбе арасы 432 шақырым болса, енді жол ұзақтығы 119 шақырымға қысқарды. Осы жолдың бойында жалпы ұзындығы 3643 метр болатын үш туннель және 683 метр болатын 8 көпір салынған. Мамандар бұл жолдың жыл сайынғы экономикалық түсімі 46 миллион сомони болады әрі соңғы он жылда құрылысқа кеткен шығын толық қайтарылады деп болжайды.

Тәжік билігі жаңадан ашылған темір жол Хатлон облысын коммуникациялық және экономикалық құрсаудан алып шығады деген сенімде. 2011 жылы Өзбекстан Амузанг-Термез темір жолын алып тастағаннан кейін. Тәжікстанның оңтүстік аймағы тауар тасымалдауда қиындыққа тап болған. Бұл аймақта импорт тауарларының бағасы бірнеше есеге өскен.

Бұл аймақтағы темір жолды жапқаннан кейін Хатлон облысының басшылығы аймаққа кеден терімінен 45 миллион доллар шығын келгенін айтқан.

XS
SM
MD
LG