Ссылки доступа

Сириялық СІМ елдің солтүстігіндегі түрік әскери операциясын сынады


Сирияның сыртқы істер министрлігі елдің солтүстігіндегі түрік әскери операциясын сынға алды. Министрлік мәлімдемесінде Сирия аумағындағы мұндай операциялар тек қана ел билігінің ресми келесімінен соң жүргізілуі тиіс делінген.

Сириялық СІМ бұл операцияны "басып кіру" деп атап, соның нәтижесінде Сирияның солтүстігіндегі экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымын "басқа бір террорлық топ" алмастырады деп мәлімдеді.

Сәрсенбі күні Түркия әскері Сириядағы түрік шекарасына жақын орналасқан Джераблус қаласындағы әскери операциясын бастады. Түркия билігінің мәлімдеуінше, қаланы бақылауға алған содырларға қарсы әскери операция Сирияның аумақтық тұтастығын қолдау және соғыс жүріп жатқан елдегі мигранттардың жаңа толқынына тосқауыл қою мақсатын көздейді. Құрлықтағы операцияны бастау туралы шешімнің қабылдануына Түркияның шекаралас аумағының Сирия жақтан атқылануы түрткі болған.

XS
SM
MD
LG