Ссылки доступа

«Қырғызкөмір» жұмысшылары алты айдың еңбек ақысын талап етіп ереуілге шықты


Қырғызстанның Нарын облысы Жумгал ауданында бейсенбі күні «Қырғызкөмір» мемлекеттік кәсіпорынның 70-ке жуық жұмысшысы ереуілге шықты. Кеншілер 2016 жылдың ақпан айынан бергі еңбек ақыларын талап етіп, директор міндетін атқарушы Талант Бокошевтың қызметінен кетуін сұрайды.

«Қырғызкөмір» филиалы басшысының орынбасары Аят Сансызбаев кәсіпорын жұмысшыларына 6 миллион сом қарыз екенін растады.

Оның сөздерінше, 2014 жылы 126 тонна, 2015 жылы – 230 тонна көмір өндірілген. Бірақ биылғы жылы көмір өндірілмеген.

Ереуілге шыққандармен аудан әкімі кездескен. Ол тиісті орындарға талаптарын жеткіземін деп уәде еткен.

XS
SM
MD
LG