Ссылки доступа

Құқық қорғаушылар Әзірбайжандағы оппозиция лидерінің қамауға алынғанын айыптайды


«Шекарасыз репортерлер» ұйымы оппозициялық «Әзірбайжанның халықтық майданының» лидері Фаиг Амировтың қамауға алынғанын айыптайды. Ол сонымен бірге күнделікті Azadlig газетінің қаржы директоры болып табылады.

Амиров «діни жоралғы өткіземін деген сылтаумен азаматтардың құқығын бұзды» деген айыппен үш ай мерзімге қамауға алынды. «Шекарасыз репортлер» 24 тамызда жарияланған мәлімдемесінде оппозиция лидеріне қатысты «күлкі шақыратын айыптауларды» алып тастап, оны босатуға шақырады.

Әзірбайжан полициясы Амировтен Түркия билігі 15 маусымда төңкеріс жасамақ болды деп айыптап отырған діни қайраткер Фетхуллах Гүленнің кітаптары табылды деп мәлімдейді. Оппозиция лидерінің өзі мұны жоққа шығарады.

«Эрдоғанның «Гүлендіктерді аулау» үндеуін пайдаланған Әзірбайжан билігі өзінің қарсыластарын қудалауға жақсы себеп тапты», — деп мәлімдеді «Шекарасыз репортлер» ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия жөніндегі бөлім жетекшісі Йоханн Бир.

XS
SM
MD
LG